Наурыз 1, 2023

АҢСАР АТО МЕН «ANSAR VOLUNTEER» ТОБЫ «СУЫҚ КҮНДЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

?Бүгін өзара құрмет пен сенімнің,  мейірім мен ізгіліктің күні – Алғыс айту күні. Ел тарихының парақшасына жазылған мерекені жатырқаған жоқпыз.  Керісінше жанымызға жылулық сыйлады.
Ал «Аңсар» АТО және Аңсар волонтер тобы алғыс мерекесінде шаһар тұрғындарына «Суық күнде жылу сыйла» акциясын ұйымдастырды.

?Жастар халық көп шоғырланған орталық базар маңында қала тұрғындары мен қонақтарына, таң сәріден бел жазбай еңбек етіп жүрген қар тазалаушылар мен жүк тасушыларға және аялдамадағы жолаушыларға ыстық шәй мен бауырсақ үлестіріп,  алғаусыз алғыс, ыстық ықыластарымен халық көңілін жылытты.

?Сонымен қатар,  көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, ән  шырқады.

?Жақсылыққа жаны жақын жастардың ізгі істеріне көңілі толған халық алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.