3 марта, 2023

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕ МЕДРЕСЕ – КОЛЛЕДЖІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

?Бестамақ ауылында облыс әкімі 2010 жылдан бастап білікті діни қызметкерлер мен дінтанушыларды дайындайтын медресе-колледж жұмысымен танысты. Оқу орны теологиялық бағыттағы пәндерді ғана емес, сонымен қатар зайырлы пәндер бойынша да оқытады, бұл түлектерге жоғары оқу орындарында әртүрлі мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.

?Қазіргі уақытта мұнда Қостанай, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан келген 174 студент оқиды. Медресе-колледжде 200 орындық жатақхана бар. 2020 жылы ауданы 2 мың шаршы метрден асатын жаңа оқу ғимараты және заманауи спорт кешені салынды.