3 марта, 2023
АТАУЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
3 наурыз күні «Аңсар» АТО мамандары Ақжол Қасенов пен Шынтас Қазихан Қ. Жұбанов ат. экономика және құқық факультетінің құқықтану мамандығында білім алып жатқан 1 курс студенттерімен кездесіп, атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Орталық мамандары «Деструктивті діни ағымдар және оның қоғамға әсері» тақырыбында дәріс жүргізіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақжол Қасенов кездесу тақырыбын психологиялық тренингпен сабақтастыра отырып қорытындылады.
Шара соңында «Аңсар» АТО тарапынан арнайы бүктемелер таратылды.
