ОБЛЫСТЫҚ АТТ МҮШЕЛЕРІ ҚОБДА АУДАНЫНА АРНАЙЫ БАРДЫ
3 наурыз күні «Аңсар» АТО теолог мамандары Нұрлан Асанов пен Медет Искаков және де «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Қобда ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іссапар барысы:
?Орталықтың теолог мамандары М. Искаков пен Н. Асанов Қобда орман шаруашылығының еңбек ұжымымен кездесіп, «Ұлтжанды жастар – ел болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.
?Орталықтың теолог мамандары М. Искаков пен Н. Асанов Өрт сөндіру бөлімінің еңбек ұжымымен жолығып, «Дін және қоғам» тақырыбында дәріс оқыды.
?Орталықтың теолог мамандары М. Искаков пен Н. Асанов Қобда аудандық кітапханасында мемлекеттік қызметшілер және де сондағы жас оқырмандармен кездесіп, «Діні беріктің – рухы берік» тақырыбында дәріс оқыды.
?Орталықтың теолог мамандары М. Искаков пен Н. Асанов И. Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімдігінде жастарымен, сондағы жұмыссыздармен және де мемлекеттік қызметшілермен жолығып, «Қаймағы бұзылмаған қайран дінім» тақырыбында дәріс оқыды.
?«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы М. Шадман Талдысай ауылдық мешітінде Жұма намазын өткізді.
?Орталықтың теолог мамандары М. Искаков пен Н. Асанов Талдысай ауылдық округі әкімдігінде өзін – өзі қамтушы жастар және де сондағы жұмыссыздармен кездесіп, «Дініміз – Ислам, ұлтымыз – қазақ» тақырыбында дәріс оқыды.
?Орталықтың теолог мамандары М. Искаков пен Н. Асанов Әлия ауылдық округі әкімдігінде өзін – өзі қамтушы жастар және де сондағы жұмыссыздармен кездесіп, «Ислам лаңкестікке қарсы» тақырыбында дәріс оқыды.
? Мамандар экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі, олардан сақтану жолдары т. с. с. Толыққанды ақпараттармен бөлісті.
? АТТ мүшелері аудиоториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, қарсынасихаттық бүктемелер үлестірді.
