1 марта, 2023
Бүгін «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин ҚР жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен кездесті.
Орталық басшысы біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге дәріс өткізді.
Дәріс барысында зайырлық қағидаттары, дін мен мемлекет арақатынасы, діни сенім бостандығы, деструктивті діни ағымдардың сипаттары және олардың қауіп — қатері тақырыптарында презентация (слайд) көрсетілді.
Сондай-ақ, әр түрлі діни ағымдардың сипаттары мен белгілері және одан сақтану жолдары жөнінде мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.
Дәріс еркін форматта өтті.
