7 марта, 2023
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА «АҢСАР» АТО МАМАНЫ МИНИСТРЛІК АЛҒЫСЫН АЛДЫ
Бүгін Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев басқарма ұжымындағы және «Аңсар» АТО нәзікжандыларын көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекеде орайы келген министрлік марапатын жеткізді.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бағытында жемісті қызмет атқарғаны үшін Жанна Ідірісова және «Ихсан» ҚБ маманы Роза Бисембаеваға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің басшысы Ержан Нүкежановтың алғыс хатын табыс етті.
Арулардың қызметтегі еселі еңбектері үшін алғыс айтып, мерекемен құттықтады.