АРДАҚТЫ АНАЛАР, АЯУЛЫ АРУЛАР!
Сіздерді көктемнің шуағымен бірге жететін ерекше мереке – әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мейрамның негізгі мәні – анаға бас иіп, әйелге құрмет көрсету. Бұл бағзы заманнан ананы ардақтап, әйелді аялайтын халқымыздың болмысына үйлесімді мереке. Өйткені, халқымыз әйел-ана, қыз-келіншектерімізге әр күн құрмет пен ізет көрсетіп келеді. Ұлтымыздың тарихына үңілсек, әйел затының қоғам өміріндегі ерекше маңызын көреміз. Бейбіт кезде шаңырақтың ұйытқысы болып, отбасының ырыс-берекесін арттырса, кейбір жаугершілік замандары азаматтармен қатар жауға шапқанын білеміз.
Ең бастысы, сіздер ана ретінде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, рухани құндылықтарға сусындатып келесіздер. Ендеше, ұлттың болашағы – сіздердің қолдарыңызда деп сеніммен айта аламыз.
Қадірменді нәзік жандылар! 8 наурыз мерекесіне орай Сіздерге деген ыстық ықылас – ізетімді, терең құрметімді қабыл алыңыздар. Дендеріңіз сау, жан дүниелеріңіз жарқын, әр күндеріңіз мейрам болғай. Сіздерге қызық-қуанышы мол ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасыларыңызға ырыс-береке тілеймін!