9 марта, 2023

АТТ МҮШЕЛЕРІ МӘРТӨК АУДАНЫНДА БОЛДЫ

9 наурыз күні ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Мәртөк ауданына арнайы барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру тобының мүшелері «Аңсар» АТО теологы Шынтас Қазихан мен дінтанушы-психологы Ольга Вороневич алдымен №1, №2, №3, №4 ЖББОМ ұстаздары мен оқушыларына «Әлеуметтік желілердің жастарға әсері», «Дін мен дәстүрсабақтастығы», «Духовно ноавственные ценности и государственные приоритеты в сфере религии в современных реалиях среди молодёжи» тақырыптарында екі тілде дәріс өткізді.

Насихаттық жұмыстар барысында мамандар жат ағымдардың зияны, сол жолды ұстанушылардың белгілері және одан сақтану жолдары, діни сауаттылық т.б. өзекті мәселелерді сөз етті.

Оқушылар мен ұстаздар түрлі сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды.

Ақпараттық насихат барысында түрлі сала мамандары мен ауыл тұрғындары қамтылды.

Кездесуге қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.