10 марта, 2023
АҚТӨБЕ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
9 наурыз күні «Аңсар» АТО теологы Медет Искаков және «Ихсан» ҚБ теологы Ғаббас Ұлғайсынұлы Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің студенттерімен кездесті.
Жүздесуге Ұлттық құндылықтар тақырыбын арқау еткен түсіндіру тобы студенттерге дінмен біте қайнасқан ұлттық дәстүріміздің сабақтастығын сөз етті.
Тыңдаушыларға ұлттық құндылықтарына мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел болатындығын айқындап, ел үмітін ақтар жастарды қай салада болмасын сауатты, білімді болуға шақырды.
Кездесу соңында ақпараттық жадынамалар таратылып, студенттер сауалына жауап берілді.
