ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР
Бүгін, 10 наурыз күні Ақтөбе облысының дін істері басқармасының бастамасы «Аңсар» АТО ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша діни оңалту жұмысы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған екі күндік семинар басталды.
Жат діни ағымдардан зардап шеккен отандастарымызды оңалту бойынша аумақтарда атқарылып отырған жұмыстарды жетілдіруді мақсат еткен семинар шымылдығын Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев салтанатты түрде ашты.
Өз сөзінде оңалту бағытындағы жұмыс жауапкершілігі, өзектілігі мен маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарға Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы исламтану ғылымдарының Phd д. Исатай Бердалиев және Астана «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директор орынбасары Жандәулет Сүлейменов арнайы келді.
Біліктілікті арттыру жиынына өңіріміздің әр ауданынан діни оңалту саласы бойынша жауапты мамандар, мешіт имамдары мен психологтар қатысты.
Алғашқы дәріскер Исатай Бердалиев Ислам құқығында «Ислам мен шариғаттың» айырмашылығы, «Шариғат» мақсатының тұжырымдамасы Діни өміршеңдіктегі алғышарттар: ситуациалық шешімдер тақырыбын жан-жақты түсіндіріп, дәріс жүргізді.
Күннің екінші жартысында қатысушыларға Жандаулет Сүлейменов «Дерадикализация жұмысындағы теориялық ерекшліктер» тақырыбында дәріс оқып, теріс ағымдардың алдын алу тәсілдері, жолдары, бұл бағытты ұстанысушылармен сөйлесу амалы тілге тиек болды.
