ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ
Бүгін, 11 наурыз күні Ақтөбе облысының дін істері басқармасының бастамасы «Аңсар» АТО ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша діни оңалту жұмысы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған семинардың екінші күнінде «Ұлттық қауіпсіздіктегі діни секьюритизация мәселесі» тақырыбында Жандаулет Сүлейменнің дәрісі жалғасын тапты.
Семинардың екінші күні өңірдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының өзара тәжірибе алмасуларына, тиімді әдістермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналды.
«Ихсан» ҚБ орталығының теолог маманы Ерсейіт Ыбраймов ДДА ұстанушыларының «Діни терминдерді» қате түсіну себептері тақырыбында дәріс жүргізсе, «Ихсан» ҚБ психолог маманы Эльмира Әділханова «Оңалту саласындағы психологиялық аспектілер» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Сондай-ақ, дәріс берушілер семинарда алған білімді көпшілік ішіндегі арнайы топтармен жұмыс жүргізуде пайдалануды ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша
Ақтөбе облысы дін істер басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев семинарды қорытындылап, арнайы шақыртылған спикерлерге алғысын айтты.
Қатысушыларды 2 күндік оқыту семинарын сәтті аяқтағанымен құттықтай отырып, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификаттар табыстады.
