13 марта, 2023
АҚТӨБЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
13 наурыз күні «Аңсар» АТО теологы Медет Искаков және психолог маманы Ақжол Қасенов Ақтөбе сервис колледжінің студенттерімен кездесті.
Жүздесуге Ұлттық құндылықтар тақырыбын арқау еткен түсіндіру тобы студенттерге дінмен біте қайнасқан ұлттық дәстүріміздің сабақтастығын сөз етті.
Тыңдаушыларға ұлттық құндылықтарына мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел болатындығын айқындап, ел үмітін ақтар жастарды қай салада болмасын сауатты, білімді болуға шақырды.
Кездесу соңында ақпараттық жадынамалар таратылып, студенттер сауалына жауап берілді.
