15 марта, 2023

✅БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

?Бүгін, 15 наурыз күні Ақтөбе облысының дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та өтімді ақпарат жариялау принциптері» тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін саласында қалам тербейтін БАҚ өкілдері мен блогерлер және әлеуметтік желімен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру бойынша  екі күндік семинар басталды.

?Шараның мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ақпарат кеңістігіндегі ұйымдастырылуы мен дін тақырыбына қатысты ақпараттық-сараптамалық өнімдерді даярлау мен оқырманға ақпаратты сауатты әрі өтімді жеткізудің жаңашыл әдіс-тәсілдерін  меңгерту.

?Әлеуметтік желі мен интернет кеңістігінің қолжетімділігі теріс ағым идеологиясының кеңінен таралуына тиімді болып отыр. Ал бұл салада жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттырып отыру – заман талабы. Жалпы облысымызда интернет кеңістігінде діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу мақсатында 75 ресми әлеуметтік парақша (15 фейсбук, 15 инстаграм, 15 вконтакте, 15 тикток, 15 You tube және  2 ресми сайт) жұмыс жасайды, оларға 100 000-ға жуық оқырман тіркелген. Әлеуметтік желі жұмыстарына 15 маман жұмылдырылған.

?Аталған жұмыстарды жүргізетін мамандар мен өңірдегі дін тақырыбында қалам тербейтін БАҚ өкілдеріне арналған семинарға спикер ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы басшысы Жапал Долиев және білікті журналист, медиа-лектор Нұрбек Бекбау арнайы шақыртылды.

Алғашқы күнгі семинар
шымылдығын «Аңсар» ақпараттық
талдау орталығының басшысы
Нұрсұлтан Жаншин ашып, бүгінгі
ақпараттық қоғамның маңызы мен
ерекшеліктеріне тоқталып, интернет
кеңістігі мен БАҚ-та дін тақырыбын
жариялау мен жазудағы өзектілігін
атап өтті.
Тележурналист Нұрбек Бекбау
5 сағаттық практикалық дәріс
жүргізіп, тыңдаушыларға мәселе
ұсынып, шешімін табуды тапсырды.
Секта сынды әлеуметтік желілерде
кең тараған қауіпті ұйымдардың
интернет кеңістігінде пайдаланатын
әдіс — тәсілдерімен бөлісіп, оған
қарсы қолданылатын шаралардың
қыр — сырын үйретті.
Қатысушылардың оқырманға
сауатты әрі өтімді ақпарат тарату,
әлеуметтік желіні тиімді пайдалану
тетіктерін меңгертуге жергілікті
SMM, мобилограф мамандар
шақыртылды.

Мобилограф Аян Саркулов SMM
негіздерін түсіндіріп, мобилография
бағытында сабақтар жүргізді.
Әлеуметтік желімен жүйелі жұмыс
жүргізу тетіктерін меңгертіп, алған
білімін практикалық тұрғыда
пайдалануға машықтандырды.
Сондай-ақ, ю туб практик
Нұрсұлтан Мәуленұлы You tube
каналын жүргізу алгоритмдерін
үйретіп, қатысушылардың
сұрақтарына жауап берді.
Семинарға дін саласында қалам
тербейтін Ақтөбе облысының БАҚ
өкілдері және облысқа қарасты
12 аудан бойынша интернет
кеңісітігінде діни экстремизм
мен терроризмнің алдын алумен
айналысатын мамандар және
полиция департаментінің өкілі
қатысты.