16 марта, 2023

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

16 наурыз, бейсенбі күні ақпараттық кеңістікте дін саласындағы өзекті тақырыптарды жариялау бойынша БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі мамандарына арналған оқыту семинарының екінші күні жалғасын тапты.

Біліктіліктерін арттырғалы келген мамандарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Жапал Долиев дәріс жүргізді.

Жиын барысында  дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ақпарат кеңістігінде ұйымдастырылуы мен дін тақырыбына қатысты ақпараттық-сараптамалық өнімдерді даярлау мен оқырманға жеткізудің жаңашылдығымен өзекті мәселелері жөнінде сөз қозғап, қатысушылармен пікір алмасты.

Деструктивті және экстремистік мазмұндағы сілтемелерді анықтауды жүйелі жүргізіп, санға емес сапаға мән беріп, нәтижелі жұмыс жасауға кеңес берді.

Зайырлылық қағидаттарын кеңінен насихаттау арқылы қоғамдағы діни алауыздық пен діни деструктивті ағымдарға қарсы тұру мүмкіндігін баса айтқан уәкілетті орган өкілі
бәсекеге қабілеттіліктілік деңгейін арттырып, өз өнімдерін әзірлеп, халыққа ұсынған әлдеқайда тиімдірек екендігін атап өтті.

Жалпы дін саласындағы атқарылар жұмыстарға бағыт-бағдар беріп, тәжірбиесімен бөлісті.

Семинар соңында Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы Ә. Тұралиев семинар қатысушыларына дін саласындағы мемлекет саясатын насихаттау және интернет кеңістігіндегі діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүргізудегі жетістіктер тілеп, оқыту семинарына қатысып өз білімдері мен біліктіліктерін шыңдап, оқыту курсын аяқтағаны жөнінде сертификаттар табыстады.

Жалпы іс-шараға әлеуметтік желіге жауапты мамандар, полиция департаментінің өкілі мен өңірдегі БАҚ өкілдерінен 30 ға жуық адам қатысты