17 марта, 2023
✅АҚТӨБЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ БАСҚАРУ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
16 наурыз күні «Аңсар» АТО теологы Нұрлан Асанов Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттерімен кездесті.
Жүздесуге Ұлттық құндылықтар тақырыбын арқау еткен түсіндіру тобы студенттерге дінмен біте қайнасқан ұлттық дәстүріміздің сабақтастығын сөз етті.
Тыңдаушыларға ұлттық құндылықтарына мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел болатындығын айқындап, ел үмітін ақтар жастарды қай салада болмасын сауатты, білімді болуға шақырды.
