Наурыз 22, 2023

?ҚҰРМЕТТІ АҚТӨБЕЛІКТЕР!

?Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің мерекесі – Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!

?Барша түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы – жаңарған Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын басты мереке.

?Тарихы тереңнен тартқан Ұлыстың ұлы күні – қай кезеңде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет- ғұрыптарымыз жаңғыртылып, жалпы адамзаттық құндылықтар дәріптелген.

??Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасына ауызбіршілік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

?Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!