Наурыз 22, 2023

? АҢСАР – ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ОРДАСЫ

? 22 наурыз күні «Аққу» СҮ маңында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Аңсар – дін мен дәстүр сабақтастығының ордасы» атты ауқымды мерекелік шарасы өтті.

✅ Іс-шараның мақсаты жергілікті тұрғындар, соның ішінде жастар арасында дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және халықаралық бейбітшілік пен достықты нығайту.

? Мерекелік шараның шымылдығын орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы ашып, ақтөбеліктер мен қала қонақтарын Ұлыстың Ұлы Күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

⚜️ Шара барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы атынан арнайы киіз үй тігіліп, дастархан жайылып, ас берілді.

? Дәстүр мен дін сабақтастығының жарқын көрінісі іспетті білімділер додасы ұйымдастырылып, күш сынасу сайыстары өткізілді. Қатысушылар кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс және асық ату ойындарында бақ сынасып, ақшалай сертификаттар мен сый-сияпаттарға ие болды. Мәселен Арқан тартыс сайысының жалпы жүлде қоры 100 000 теңге. I орын жеңімпаздары – 50 000 теңгеге, II орын жеңімпаздары – 30 000 теңгеге, III орын жеңімпаздары – 20 000 теңгеге ие болса, қол күресте білек күшінің мықтылығын көрсете білгендер құран оқитын шам және қалта қуаттағыштарды жеңіп алды. Ал, кір тасын көтеріп сайысқандарға I орынға – қалта қуаттағыш, II орынға – термос, III орынға – сымсыз құлаққап табысталды. Сонымен қатар, зияткерлік сайыста білімдерін сарапқа салып, оза шыққандар жайнамаз, электронды тәспі, ұлттық нақыштағы тақиялар мен кәдесыйларға ие болды.

? Шара барысында ақсақал батамен алқалап, Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, оның ішінде жастар, еркітілер және дін ұстанушы азаматтар, жалпы саны 300-ден астам адам қамтылыды.