Қазан 3, 2018

МҰҒАЛІМДЕР ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

[:kz]

«Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудан және ауыл мұғалімдері мен мектеп басшыларына арналған дәріс өтті. Шараға арнайы шақыртылған меймандар -«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Панаев Нұрбол Аханұлы мен дінтанушы Шамшиев Озат Бейсенұлы қатысты.
Ұстаздарға ең алдымен «Білімдіге дүние жарық» атты бейнематериал көрсетіліп, О. Шамшиев материалда көрсетілген ақпаратты тарқата түсті.
Дәрісте теолог Н. Панаевтың: «Дін сөзін қалай түсінесіздер?» деген сауалына тыңдаушылар «имандылық», «құлшылық» деп жауап берді. Мұғалімдер атаған ассоциациялармен қатар дін, ең алдымен, көркем мінез деп сөзін бекітті маман. Сонымен қатар қатысушылармен кері байланыс кезінде бұрынғы және бүгінгі мұсылмандардың көрінісі мен сипаты туралы сөз қозғалғанда, ұстаздар қауымы бірауыздан бұрынғы өткен ата-бабаларымыз дінді ұстанумен қатар қоғамға үлкен пайдасын тигізген деп өз пікірлерімен бөлісті.

[:]