Наурыз 29, 2023

АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

?29 наурыз күні «Аңсар» АТО теологы Медет Искаков және психолог маманы Ақжол Қасенов Алматы аудандық пробация бөлімінде пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесті.

?Кездесу «Дін және қоғам» тақырыбында өрбіді.

?Жүздесуге Ұлттық құндылықтар тақырыбын арқау еткен түсіндіру тобы дінмен біте қайнасқан ұлттық дәстүріміздің сабақтастығын сөз етті.

?Тыңдаушыларға ұлттық құндылықтарына мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел болатындығын айқындап, ел үмітін ақтар жастарды қай салада болмасын сауатты, білімді болуға шақырды.

?Шара соңында ақпараттық жадынамалар таратылып, студенттер сауалына жауап берілді.