Наурыз 30, 2023

«АҢСАР» АТО БАСШЫСЫ АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫМЕН ТЕМІР АУДАНЫНА АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

?29 наурыз күні «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин аудандағы діни ахуалды талдау, зерделеу, мониторинг жүргізу және де діни ахуалдағы кемшіліктерді анықтау және жою, тұрақтандыру мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобымен Темір ауданында іссапарда болды.

?Арнайы жұмыс тобы Темір қаласы, Шұбарқұдық кенті, Кеңқияқ, Сарыкөл, Шұбарши ауылдық округтерінде аралады.

?Ауыл мешіттерін аралап, имамдармен және сондағы жамағатпен жүздесті. Полиция қызметкерлері, әкімдік қызметкерлер, теологтармен кездесті. Мешіттердің кітап сөрелеріне, кітапхана қорына мониторинг жүргізілді.

?Арнайы құрылған жұмыс тобы Шұбарқұдық ауылдық округінің дін орталығында болды.

?Былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, биылғы жылғы жоспардың сапалы орындалуы, қаражаттың игерілуі және 3 бағыт бойынша алға қойған мақсаттар талқыланды.

?Анықталған кемшіліктер бойынша уақытында ескертулер жасалып, ұсыныстар енгізілді.

@qogam.kdr
@zhapall
@aqtobe_press
@bulbulorakkyzy
@bolatmazhagulov
@din_aktobe
@turalievalimbek
@aktobe_saiasat
@nursultan_zhanshin
@ihsan_aktobe
@meiirbek_kalmanov
@nur_gasyr
@enshibaiuly_serikjan_imam
@ansar_volunteer