Наурыз 30, 2023

ОБЛЫСТЫҚ АТТ МҮШЕЛЕРІ ТЕМІР АУДАНЫНА АРНАЙЫ БАРДЫ

✅30 наурыз күні «Аңсар» АТО теолог мамандары Нұрлан Асанов пен Медет Искаков және де «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Азат Ерланұлы Темір ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іссапар барысы:
? «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы Шұбарши мектеп-бөбекжай балабақшасының жоғарғы сынып оқушыларымен жүздесіп, «Жастарды адастыру – жат ағымның амалы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте 3 мұғалім мен 45 оқушы қамтылды.

?Орталықтың теолог маманы М. Искаков Шұбарши ЖОББ мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен жолығып, «Әлеуметтік желідегі-жат ағымның арбау жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесуде 3 мұғалім мен 60 оқушы қамтылды.

?«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы Саркөл ЖОББ мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып-Ұлттық болмысымыз!» тақырыбында дәріс оқыды. Шарада 5 мұғалім мен 50 оқушы қамтылды.

?Орталықтың теолог маманы М. Искаков пен «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы КМК мұнай (Құмсай кен орнының) еңбек ұжымымен жүздесіп, «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте 20 мұнайшы қамтылды.

?Орталықтың теолог маманы Н. Асанов КМК мұнай (Мортық кен орнының) еңбек ұжымымен кездесіп, «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесуде 32 мұнайшы қамтылды.

?Орталықтың теолог маманы Н. Асанов Саркөл ауылдық мешітінде мешіт жамағатымен жолығып, «Рамазан-кешірім айы!» тақырыбында дәріс оқыды. Шарада 60 адам қамтылды.

?«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы Шұбарши ауылдық мешітінде мешіт жамағатымен жүздесіп, тарауих намазын өткізіп, «Рамазан-кешірім айы!» тақырыбында дәріс оқыды. Шарада 65 адам қамтылды.

? Мамандар экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі, олардан сақтану жолдары т. с. с. толыққанды ақпараттармен бөлісті.

? АТТ мүшелері аудиоториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, қарсы насихаттық бүктемелер үлестірді.

@qogam.kdr
@aqtobe_press
@bulbulorakkyzy
@bolatmazhagulov
@din_aktobe
@turalievalimbek
@aktobe_saiasat
@nursultan_zhanshin
@ihsan_aktobe
@nur_gasyr