Наурыз 31, 2023

ОБЛЫСТЫҚ АТТ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ІССАПАРЫ ЖАЛҒАСУДА..

31 наурыз күні «Аңсар» АТО теолог мамандары Нұрлан Асанов пен Медет Искаков және де «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Азат Ерланұлы Темір ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іссапар барысы:
«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы Кенкияқ ЖОББ мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен жүздесіп, «Рамазан-береке мен бірлік айы» тақырыбында дәріс оқыды.
Орталықтың теолог маманы М. Искаков Кенкияқ БЖСМ еңбек ұжымымен жолығып, «Қызығы мен қатері көп әлеуметтік желі» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесуде 12 маман қамтылды.

«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы «Ырысты ана» мешітінің мешіт жамағатымен кездесіп, «Оразаның хикметтері» тақырыбында дәріс оқыды.

Орталықтың теолог маманы Н. Асанов Кенкияқ орталық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесіп, «Дін мен медицина. немесе екпе алау-діни мәселе емес» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесуде 42 маман қамтылды.

Орталықтың теолог маманы М. Искаков Кенкияқ полиция бөлімінің полиция қызметкерлерімен жолығып, «Жат ағымның радикалдық психологиясы» тақырыбында дәріс оқыды. Шарада 19 маман қамтылды.

«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы А. Ерланұлы Кенкияқ әкімі апаратының еңбек ұжымымен жүздесіп, тарауих намазын өткізіп, «Зайырлы мемлекет құндылықтары-қайырлы дінде» тақырыбында дәріс оқыды. Шарада 8 маман қамтылды.

Мамандар экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі, олардан сақтану жолдары т. с. с. толыққанды ақпараттармен бөлісті.

АТТ мүшелері аудиоториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, қарсы насихаттық бүктемелер үлестірді.

@zhapall
@qogam.kdr
@zhapall
@aqtobe_press
@bulbulorakkyzy
@bolatmazhagulov
@din_aktobe
@turalievalimbek
@aktobe_saiasat
@nursultan_zhanshin
@ihsan_aktobe
@meiirbek_kalmanov
@nur_gasyr
@enshibaiuly_serikjan_imam
@ansar_volunteer
@nurbek_bekbau