Қазан 3, 2018

ОҚУШЫЛАР РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

[:kz]Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектепте «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Жиынға арнайы шақырылған мейман – дінтанушы О. Шамшиев «Қайырсыз ілім» атты бейнематериалда көрсетілген ақпаратты жан-жақты түсіндіріп берді. Осы мәліметке қатысты оқушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, дінді бір жақты ғана түсініп қоймай, оның әрбір адамның өмірін жақсартуға, игілікке бастайтын асыл жол екенін ұғындырды. «Аңсар» ақпаратты талдау орталығының теолог-маманы Н. Панаев білімді интернеттен, бейресми мәліметтерден емес, мешіт имамдары мен ұстаздардан, дін қызметкерлері ұсынған әдебиеттерден алу қажеттігіне баса назар аударды. Кездесу соңында мектеп директоры Ш. Жанғалиева теолог-мамандардың жиынды жүргізу әдісіне риза болып, мектеп ұжымы мен оқушылардың атынан қонақтарға алғыс білдірді.[:]