6 июля, 2024
А.ж. 27 маусым күні «Аңсар» АТО басшысы Т. Разақ және «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы М.Бисеналин 3 бірдей басқарма қызметкерлерімен кездесті

Олардың қатарында:
- Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
- Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы;
- Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы;
«Діни зайырлылық- мемлекеттің рухани тірегі», «Сыбайлас жемқорлық — болашақ қатері» тақырыптарында жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмысының басты мақсаты — «зайырлылық» ұғымына қатысты түсінік қалыптастырып, еліміздегі дәстүрлі діндердің сипатын ашу болды.
Сонымен қатар маман аталмыш басқарма қызметкерлері қойған сауалдарға толық жауап берді.
