28 января, 2025
2025 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталған Заңның аясында діни қызмет саласындағы жауаптылықты көздейтін 490-баптың бірінші, үшінші және жетінші бөліктерінде «ескерту» институты енгізілді.
Сонымен қатар, 490-баптың бірінші, екінші, үшінші және жетінші бөліктерді бұзу бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 50%-ға азайтылды.





