2 августа, 2022

Болашақ дін мамандарымен еркін форматта кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 1 тамыз күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында еліміздің діни оқу орындарында білім алып жатқан Ақтөбелік студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы А.Тұралиев, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы Н.Смағұлов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Н.Жаншин, Ақтөбе қалалық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы С.Ұлқабай «Ихсан» кеңес беру-оңалту қоғамдық бірлестігінің басшысы М.Қалманов, «Нұр–Мүбарак» Египет ислам мәдениеті мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттерінің студенттері мен Ақтөбе, Шымкент, Сарыағаш медреселерінің шәкірттері қатысты.
Кездесу еркін форматта өтіп, шара барысында жұмысқа орналастыру және тағалымдамадан өту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, шәкірттер алдағы жоспарлармен бөлісіп, өз ойларын еркін жеткізіп, көкірегінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптарын алды.
Атап айтар болсақ, 2021-2022 оқу жылы Ақтөбелік 236 студент қазақстандық теологиялық оқу орындарында білім алуда. Яғни, 87 студент жоғарғы оқу орныдарында және 148 студент медреселерде.