4 августа, 2022

Әйтеке би ауданына іс-сапар барысында әскери қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А. ж. 2-4 тамыз күндері «Аңсар» орталығының мамандары А. Қасенов пен Н. Асанов Әйтеке би ауданына іс-сапар барысында деструктивті діни идеологияның алдын алу жұмыстарын атқарды.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Айке», «Талдысай» және «Жамбыл» шекара бекеттерінде «Деструктивті діни ағымдар», «Суицидтік психологиялық факторлар және оларды алдын алу» тақырыптарында әскери қызметкерлердің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында дәрістер мен психологиялық тренингтер жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, қарсы насихаттық мазмұндағы таратпа материалдары үлестірілді.