Ақпан 26, 2022

АПК 24

💠Ағымдағы жылдың 24-ші ақпанында Ақтөбе политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен «Тәрбиенің рухани тірегі – дін» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Шынтас Қазихан колледж студенттеріне Отанды құрметтеу, отбасы құндылығын сақтау, әдет пен мінездегі, өмір сүрудегі басты әрі өзгермейтін заңдылық тәрбие мен дін екенін айтып өтті.

Ата-ананы сыйлау, адам құқығын таптамау, өз жанын ізгілікке толтыру – дұрыс бағыттағы діни көзқарас. Тәлім-тәрбие мен өнеге болатын, әрбір адамның рухани баюына, ой өрісінің кеңейуіне, адами құндылықтың тарауына жәрдем беру – тәрбиелі істің көрінісі.

«Отанды сүю-иманнан. Бұл дегеніміз жан-дүниеміздегі барлық сезімдердің негізгі белгісі жүрек тазалығы мен сауатты болуымызда. Өкінішке орай, жат ағымның жетегінде кеткен көпшілік дәстүрімізге жат дүниелермен адам шошытарлық белгісіз тиымдарды шығарып жүр. Деструктивті ағымдардың азғындауына ермей, дәстүріміз бен дінімізге сай өмір салтын ұстанған жөн», – деп орталық маманы тәрбиеміздің басты негізі – дін мен дәстүр екенін атап өтті.

Колледж студенттері маманға сауалдар қойып, пікірлерімен бөлісті.