«Дін, Қоғам. Жастар»

[:kz]ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін, Қоғам. Жастар» аймақтық жастар форумы өтті.

Форумда Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлы өз сөзінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жастарға бағытталған жұмыстарына атап көрсетті.

[:]

КЕЗЕКТІ АТТ КЕЗДЕСУІ

[:kz]Бүгін Әйтеке би аудандық көпсалалы колледжінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығның теолог маманы Жидебаев Сұлтан колледж студенттеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Қазақ даналарының ғибратты сөздері» атты бүктемелер таратылды.[:]

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

[:kz]Бүгін Әйтекеби ауданында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және аудандық ішкі саясат тапсырмасы негізінде, «Аманат-Әйтеке би» ҚБ ұйымдастыруымен Әйтеке би аудандық мешіт жамағаты арасында «Ислам ғылымхалы» кітабы бойынша зияткерлік сайысы өткізілді. Аталмыш шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жидебаев Сұлтан әділқазылық етіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әділқазы алқасының шешімі бойынша жүлделі 3 орынды – Тұрақ Бекасыл (10 000 тг), 2 орынды – Акмурзин Әкімкерей (15 000 тг), 1 орынды – Акмурзин Наурызбай (20 000 тг) иеленді. Сонымен қатар, шараға белсене қатысқан мешіт шәкірттеріне алғыс хатпен Қ.Құрманбаев және Е.Есімқұловтың «Ислам тарихы» кітабы сыйлыққа табысталды.

[:]

ТЕРІС АҒЫМНЫҢ ЗИЯНЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің және М.Тынышбаев атындағы колледждің студенттеріне дәріс өткізді.

Шара барысында діннен адастырар ағымдар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, қоғамға тигізер әсері туралы тақырыптарда сөз қозғалып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

[:]

Кезекті отырыс

[:kz]С. Бәйішев атындағы облыстық кітапхананың Коворкинг орталығында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Оқырмандар клубының мүшелері кезекті отырысын өткізді. Қайрат Жолдыбайұлының «Имани гүл» кітабы талқыланып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жидебаев Сұлтан оқырмандардың сауалдарына жауап берді.[:]

Семинар-тренинг

[:kz]»Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психологы Эльмира Қайырғалиқызы психологиялық семинар-тренинг өткізді. Әйелдер сауат ашу орталығында өткен аталмыш шара «Әйел энергетикасын көтеру» тақырыбына арналды.[:]

«Жат ағымдардың зияны»

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы Ақтөбе медициналық колледжінің студенттерімен «Жат ағымдардың зияны» тақырыбында  кездесу өткізді.

Кездесу барысында діннен адастырар ағымдар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, қоғамға тигізер әсері туралы тақырыптарда сөз қозғалып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тұщымды жауап берілді.[:]

ЖАСТАР ДЕМАЛЫСТЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

[:kz]»Аңсар» ақпараттық талдау орталығы «Жастар жылына» орай әр жексенбі облыстық кітапхананың Коворкинг орталығында түрлі форматтағы шаралар ұйымдастыруда.
________
Өңіріміздегі жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатындағы бұл шығармашылық шаралар жастар тарапынан жақсы сұранысқа ие боп отыр.
________
Аталмыш шараларға студенттер, жас мамандар, еріктілер белсенді қатысып, рухани, шығармашылық, зияткерлік дамуды қалайтын орта пайда болды.
________
Кешегі жексенбіде жастарға арналған «Мен және менің мінезім» атты психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
________
Қатысушылар өз бойындағы жаман мінез-құлықтарды жою, жақсы қасиеттерін дамыту, жақсы сөз бен ойдың мінезге қатысы жайында жан-жақты ақпарат алды. Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы бір-бірімен жақынырақ танысып, өз ойларымен еркін бөлісті.
________
Бұндай шығармашылық даму шаралары күннен-күнге жастардың бойындағы зияткерлік, ұйымдастырушылық және тағы да басқа қырлары мен қабілеттерінің ашылып, ортаға салып, жастардың қажеттіліктерін өтейтін тың идеяларымен бөлісуіне септігін тигізуде.

[:]

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

[:kz]Темір ауданында Саркөл мешіті мен Ырысты ана Кенкияқ мешітінде әйел жамағаттарымен кездесу өткізілді. Кездесуді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Р.Мералы және психолог-маман Э.Әділханова қатысты..

Шара барысында «Ислам дінінің негізгі тіректері» атты дәріс пен «Мен және менің мінезім» атты  психологиялық  семинар тренинг өткізілді

[:]

ТЕМІР АУДАНЫНДА ДЕСАНТ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

[:kz]Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Темір ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев орталықтың теолог-маманы Д.Ұзақбай «Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу тақырыбында «ҚазТранГазОйл» Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының және «АдаОйл» мұнай кәсіпорны қызметкерлерімен кездесті.

[:]