«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ»

[:kz]Әйелдер сауат ашу орталығында әйел жамағатына арналған «Адамзаттың асыл тәжі» атты Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.а.с.) өмірі жайлы сайыс өтті.
________
Аталмыш шара «Дін. Дәстүр. Руханият» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы және Ақтөбе облыстық өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
_______
Сайыс Таныстыру, Бәйге, Жорға және Сыр сандық атты кезеңдерден тұрды. Қатысушылар пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалардың өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар бойынша сыннан өтті.
_______
Жарыс нәтижесінде: – Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің «Наср» тобы – І орын, – «Досжан Хазрет» мешітінің «Әмина» тобы – ІІ орын, – Ақтөбе қалалық орталық мешітінің «Нұр» тобы – ІІІ орынды иеленді.
________
Жеңімпаздар мен ұстаздарына бағалы сыйлықтар табысталды. Сайысқа келген көрермендер де назардан тыс қалмады. Сиәр тақырыбынан оларға да қызықты сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.

[:]

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

[:kz]Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен «Дін. Дәстүр. Руханият» жобасы аясында облыстық дін басқармасының қолдауымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы, ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында ауқымды спорттық, мәдени және ағартушылық іс-шаралар өткізілуде.
_________ «Дін. Дәстүр. Руханият» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қоныс» спорт кешенінде облыс аумағындағы мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан турнир басталды.
__________
Турнирде 5 ауданнан (Хромтау, Мұғалжар, Байғанин, Темір, Алға) және облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешіті мен Ақтөбе қалалық орталық мешіті және «Аңсар» орталығының қызметкерлерінен құралған командалар бақ сынасуда.
__________
Шараның мақсаты мешіт жамағаттары арасында ауызбіршілікті қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
__________
Турнирдің ашылу салтанатына облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрмен, «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының басшысы Айгүл Дүйсенова және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысып, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
___________
P.S. Қазан айында қала мешіттерінің жамағаттары арасында шағын турнирден іріктеу кезеңі өткізіліп, бүгін облыс көлемінде аудан мешіттері жамағаттарының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

[:]

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

[:kz]»Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен Әйелдер сауат ашу орталығында әйел жамағатына арналған психологиялық тренинг өтті. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Әділханова «Жеке тұлға психологиясы» тақырыбында дәріс оқып, практикалық тапсырмалар орындалды. Әр адамның жеке тұлға ретінде алдына өмірлік мақсат қойып,  сол мақсатқа жету жолында даму жолдарын түсіндірді. Жиналған жамағат практикалық жұмыстар барысында көкейлерінде жүрген көкейкесті мәселелері мен сауалдарына психолог маманнан және Жилисбаева Ақжарқын ұстаздан теология тұрғысынан жауаптар алды.

P.S. Сіз немесе жақындарыңыз психолог маманмен кеңесуді қаласаңыз, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары сіздерге тегін көмек көрсетеді. Ол үшін орталығымыздың 8(7132)741-707 СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНА хабарласыңыз. Мекенжайымыз: АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, М. ОСПАНОВ КӨШЕСІ 96.

[:]

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

[:kz]Құрметті оқырмандар!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай![:]

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлының төрағалығымен ұжым қызметкерлерінің отырысы өтті. Жиын барысында орталықтың 2018 жылғы жұмыстары қорытындыланып, келесі жылғы жаңа жобалар талқыланды, нақты тапсырмалар қойылды. Сонымен қатар жыл бойы қызметте белсенділік танытып, өңіріміздегі діни ахуалды тұрақтандыруға үлес қосқаны үшін бірқатар қызметкерлер облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Мұқановтың атынан табысталған алғыс хатпен марапатталды. Мамандарға қызметтік куәліктер тапсырылды. Мекеме басшысы Н. Жаншин ұжымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, жаңа бастамаларға табыс тіледі.«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлының төрағалығымен ұжым қызметкерлерінің отырысы өтті. Жиын барысында орталықтың 2018 жылғы жұмыстары қорытындыланып, келесі жылғы жаңа жобалар талқыланды, нақты тапсырмалар қойылды. Сонымен қатар жыл бойы қызметте белсенділік танытып, өңіріміздегі діни ахуалды тұрақтандыруға үлес қосқаны үшін бірқатар қызметкерлер облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Мұқановтың атынан табысталған алғыс хатпен марапатталды. Мамандарға қызметтік куәліктер тапсырылды. Мекеме басшысы Н. Жаншин ұжымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, жаңа бастамаларға табыс тіледі.

[:]

«ДІН МЕН ДӘСТҮР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

[:kz]»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының инстаграм парақшасындағы оқырмандар арасында өткен «Дін мен дәстүр» байқауы аяқталды. Екі айға созылған байқаудың мақсаты: ислам діні мен қазақы салт-дәстүрдің сабақтастығын насихаттау.
_________
«Дін. Дәстүр. Руханият» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы бірлесе ұйымдастырған рухани кеште аталмыш байқаудың қатысушылары мен мешіт ұстаздары бас қосты.
_________
Байқау нәтижесінде І орынды Қойшығұлова Анар иеленсе, ІІ орын Бектаева Диляром есімді оқырманға бұйырды, ал Таңбаева Мадина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға микротолқынды пеш, блендер, үтік секілді бағалы сыйлықтар табысталды.
_________
Шара барысында Түркия мемлекетінен қонақ ретінде шақырылған ұстаз Гүлжамиля Ахметова қыз бала әдебі жайында уағыз-насихат айтып, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Қошқарова ел бірлігі, ұлтаралық татулық тақырыбында дәріс оқыды.
________
Дастархан басына жиылған жамағатқа арнап арнайы сый ретінде сәнді орамалдар таратылды.
________
Оқырмандар болса, «Дін мен дәстүр» байқауы өздеріне және жалпы оқырмандарға ой салған танымдық жоба болғанын сөз етіп, алғыстарын білдірді. Келесі жылы да осы секілді игі шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарымен бөлісті. Анар Қойшығұлова есімді қатысушы қонақ кәде ретінде «Аңсарға арнау» өлеңін оқыды.
_________
Шара соңында оқырмандар «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына келіп, орталық тынысымен, ұжыммен танысты.
P.S. Оқырмандарымыздың шығармашылығымен орталығымыздың @ansarcn инстаграм парақшасынан #ansardinmendastur хэштегі арқылы таныса аласыз.

[:]

«ДІНСІЗ ТӘРБИЕ – ТАМЫРСЫЗ КӨШЕТ»

[:kz]Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде дінтану пәнінің мұғалімі Оразбаева Анар Әбубәкірқызының ұйымдастыруымен «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға қонақ ретінде шақырылған «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жандос Мирманов ислам дінінің атын жамылған жат діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны жайында түсіндірді. Жастарға дұрыс діни ақпарат беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

[:]

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ЕРІКТІЛЕРІ АҢСАРДА

[:kz]Облысымыздағы қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытып жүрген «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында бас қосты. «Қыз өссе – елдің көркі» атты дөңгелек үстелде аталмыш топтың арулары жиналды. Жиын барысында «Үш таған» журналының бас редакторы Жаншаева Бақыт Құрманқызы қазақы ұлттық құндылықтар мен қыз бала әдебі жайында баян етсе, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы Эльмира Қайырғалиқызы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қыз бала психологиясының даму сатылары жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар да өз тараптарынан ұсыныстарымен бөлісіп, бұндай бас қосуды дәстүрлі түрде өткізіп тұруға ниет білдірді.

[:]

ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ

[:kz]Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ Экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығының 203, 307, 405 топ кураторлары А.К. Курманова, Б.Т. Тлеулесованың
ұйымдастыруымен «Діни тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім алушыларды діни дұрыс ақпараттандыру мақсатында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы болашақ заңгерлермен сұхбаттасып, діни бірлестіктер жайлы, дін мәселелеріне қатысты заң бұзушылық фактілері туралы түсіндірді. Кездесу барысында жастар көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, пікірлесіп, толық мәлімет алды.[:]

ОҚУШЫЛАР ДА ӨЗ ПІКІРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

[:kz]Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бастамасымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесе отырып, қала мектептерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Елек орта мектебі, Благодар мектебі мен Бекқұл баба негізгі мектебінде кездесулер ұйымдастырылды. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Панаев дәстүрлі емес діни ағымдардың зардабы және діни терроризмнің алдын алу тақырыптарында баяндама оқыды. Жиын барысында оқушылар да дін мәселелеріне қатысты пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына жауап[:]