Құрайлы 49 мектеп интернат

🔰 16 ақпан сәрсенбі күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Асанов Н. және психолог  маманы ҚасеновА. 49 мектебінің  8 сынып оқушыларыңа Деструктивті жат ағымдардың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары өтті.

Әскери полиция бөлімі

🌐2022 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімінің жеке құрамына «Экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттерін, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупін» түсіндіру мақсатында шара ұйымдастырылды.

📝Шарада «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Қазихан Шынтас еліміздегі мемлекет пен діннің өзара қатынасының үлгісіне тоқталып, діни экстремизмнің көрінуін реттеу жағдайында сөз қозғады.

Маман «Экстремизм бірнеше түр мен бағыттан тұрады. Негізгілері ретінде ұлттық, саяси және діни мақсатты көздейтін әрекеттерді атауға болады.
Ұлттық экстремизм – «өз ұлтын сақтау, оның мәдени, экономикалық құндылықтарын қорғау» секілді сылтауымен өзгенің құндылығына зиян тигізу, қауіп төндіру әрекеті. Ал саяси экстремизм – қоғамдық заңдылықтар негізінде қалыптасқан жүйені күшпен алмастыруды көздейтін әрекеттер. Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда кең таралған, көп айтылатын діни экстремизм түріне діни қағидалар негізінде өзге дін яки сенім өкілдеріне, дінге сенбеуші тұлғаларға өз сенімін күшпен тықпалау немесе соған сәйкес әрекеттерге бару іс-қимылы жатады. Осы ойлардың жетегінде терроризмнің алғашқы сипаттары көрініс табады»,-дей келе, террорлық белгілер мен тыйым салынған діндердің қоғамға төндіретін қауіпі туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Летный

🔹14 ақпан , сейсенбі күні Т.Бигелдинов атындағы ӘҚК институтында жеке құраммен Қазақстан Республикасы қарулы күштерінде армиялық ортаға деструктивті идеялардың кіруінің алдын алу бойынша «Суицид смерть навсегда»
тақырыбындағы дін істер саласындағы
уәкілетті органның қатысуымен
курсант жастармен кездесу өтті.

🔺»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Асанов Н. және психологы Қасенов А. сарбаздарға еліміздің дінге қатысты ұстанымдарын түсіндіру мен оларды түрлі жат ағымдардан сақтануға шақырып, жат ағымның белгілері және олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп, курсанттардың көкейтесті сауалдарына жауап берді.

🔺Кездесу барысында жастарға тақырыпқа сәйкес бейне ролик көрсетіліп, үн парақтар таратылды.

🔺Халықтың діни сауаттын арттыруды мақсат тұтқан атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жоспарға сай жүйелі жалғасатын болады.

✏️ «Аңсар» АТО баспасөз қызметі

Құрайлы

🔰»Аңсар» Ақпараттық талдау орталығы  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

➡️  16 ақпан, сәрсенбі күні Қорайлы мәдениет үйінде ауыл жастарымен кездесу өтті. Шараға «Аңсар» орталығының психолог маманы  Қасенов А. қатысты. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни экстремизмге қарсы тұру және терроризмнің алдын алу тақырыптары қамтылды.. 📖

Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

🔰»Аңсар» АТО теологы Асанов Н. ақпараттық насихат жұмысын жүргізді.

➡️  15 ақпан , сейсенбі күні Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Ақтөбе қаласы оқу орталығының жеке және ауыспалы құрамы арасында «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында қашықтықтан (онлайн) сабақ өткізді. 📖

Алға ауданы 2 күндік сапар

🔰А.ж. 9-10 ақпан күндері «Аңсар» АТО ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Алға ауданына екі күндік іссапар жасады.

🖍️Топ мүшелері Бестамақ ауылындағы Мәдениет үйінің коворкинг орталығында, Бестамақ және Бесқоспа орта мектептерінде, Ақтөбе медресе- колледжінде кездесулер ұйымдастырып, жиналған ауыл әкімдігінің, балабақша және мәдениет үйінің қызметкерлеріне, жоғары сынып оқушылары мен шәкірттерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың сипаты мен зардабы тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

☑️Топ құрамында «Аңсар» АТО бөлім басшысы С. Ұлқабай, «Аңсар» АТО теологы Н.Асанов және Ақтөбе медресе коледжі директоры Ә. Дәуренбеков
болды.
✏️ «Аңсар» АТО баспасөз қызметі

Астана сауда уй 3

АТАУЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

8 ақпан , сейсенбі күні»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары «Астана» сауда үйі аумағындағы өзін-өзі қамтушы әйел жамағаттарына атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, орталық мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, «Аңсар» АТО тарапынан арнайы бүктемелер таратты.

Жоспарға сәйкес атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүйелі жалғасып келеді.

✏️ «Аңсар» АТО баспасөз қызметі