Ақпан 19, 2022

Әскери полиция бөлімі

🌐2022 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімінің жеке құрамына «Экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттерін, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупін» түсіндіру мақсатында шара ұйымдастырылды.

📝Шарада «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Қазихан Шынтас еліміздегі мемлекет пен діннің өзара қатынасының үлгісіне тоқталып, діни экстремизмнің көрінуін реттеу жағдайында сөз қозғады.

Маман «Экстремизм бірнеше түр мен бағыттан тұрады. Негізгілері ретінде ұлттық, саяси және діни мақсатты көздейтін әрекеттерді атауға болады.
Ұлттық экстремизм – «өз ұлтын сақтау, оның мәдени, экономикалық құндылықтарын қорғау» секілді сылтауымен өзгенің құндылығына зиян тигізу, қауіп төндіру әрекеті. Ал саяси экстремизм – қоғамдық заңдылықтар негізінде қалыптасқан жүйені күшпен алмастыруды көздейтін әрекеттер. Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда кең таралған, көп айтылатын діни экстремизм түріне діни қағидалар негізінде өзге дін яки сенім өкілдеріне, дінге сенбеуші тұлғаларға өз сенімін күшпен тықпалау немесе соған сәйкес әрекеттерге бару іс-қимылы жатады. Осы ойлардың жетегінде терроризмнің алғашқы сипаттары көрініс табады»,-дей келе, террорлық белгілер мен тыйым салынған діндердің қоғамға төндіретін қауіпі туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.