Ақпан 23, 2022

Жұбанов 2 жатақхана үйі

✋Сәлеметсіздер ме, құрметті Аңсарлық оқырмандар!

Жат ағымның алдын алу бағытында қаламыздағы оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны баршаңызға мәлім. Дәл осы мақсатты негізге ала отырып, 22 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаратылыстану факультеті және №2 жатақхана үйі студенттерінің қатысуымен «Студенттер арасында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» АТО теолог мамандары Нұрлан Әділханұлы, Шынтас Қазихан, Айзат Қобланқызы, Гүлфайруз Әжіғалиева білім алушыларға деструктивті діни ағымның қаупін және дәстүрлі емес ағым өкілдерінің белгілері жайлы айтып, ақпарат берді. Мамандар діни мағлұматтарды алуға болатын сенімді дереккөздерді ұсынды.

Диалог түрінде өткен кездесу барысында студенттер өз сауалдарын қойып, тиісті жауабын алды.